Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні

Автор: admin7 от 15-05-2017, 00:23, посмотрело: 14

0 Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні

Құрметті ата-аналар, 12 мамыр күні алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болады. Біз осындай бастама көтеріп отырмыз және бұл мектеп жасындағы балалары бар әрбір отбасы үшін маңызды деп сенеміз. Жиналыс еліміздегі бүкіл қалаларда, аудандарда, ауылдарда бір мезгілде болады.

Көпшілік ата-ана мектеп жиналыстарына қатыспайтыны, өз балаларының болашағына екінші кезектегі мәселе деп қарайтыны жасырын емес. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болатын күні уақыт тауып, мектепке баруға тырысыңыздар, балаларыңыздың күн сайын уақыт өткізетін және білім алатын сыныптарын көріңіздер, мектеп басшылығымен, сынып жетекшісімен, мұғалімдермен кездесіңіздер.

Бүгінде қазақстандық білім жүйесінде көптеген өзгерістер бар:

- 2016 жылдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілді;
- Алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитын болады. Балалардың сапалы біліп алып, бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болуы үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп, еліміздің мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр;
- Биылғы түлектер ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырады https://www.facebook.com/edugovrk/videos/187841235237..;
- Сондай-ақ, қала мектептері мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын болдырмау үшін ҚР БҒМ ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр;
- «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы басталды https://www.facebook.com/edugovrk/videos/186584084362...

Жиналыста мектеп әкімшілігі Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқыламақ. Осы және басқа да маңызды сұрақтарға жауапты ата-аналар жиналысынан біле аласыздар.

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы кезінде кітап сыйлау акциясы да болады. Құрметті ата-аналар, егер өздеріңіз және балаларыңыз оқып тастаған қызықты кітаптар болса, оларды ала келіп, мектеп кітапханасына сыйға тартуларыңызды өтінеміз. Бұл акция балалардың кітапқа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін қолға алынып отыр.

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні

Ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күні

Категория: Ата-аналарға, Жаңалық

 

Электронды журнал

Автор: admin от 22-04-2017, 10:19, посмотрело: 41

0 Сабақ кестесі жәнеде оқушылардың үлгерімі туралы барынша ақпаратты электронды журналдан көре аласыздар

Электронды журнал

Категория: Ата-аналарға

 
 
Яндекс.Метрика