Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында мектеп бітірушілермен жүргізілген жұмыстар туралы » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында мектеп бітірушілермен жүргізілген жұмыстар туралы
12
декабрь
2017

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында мектеп бітірушілермен жүргізілген жұмыстар туралы

«Үшарал қаласы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында мектеп бітірушілермен жүргізілген жұмыстар туралы

2017-2018 оқу жылын 11 сыныптар 50 оқушымен бастаса,қазіргі кезеңде 52 оқушы.
Қазақ математикалық бағытта- 18 оқушы
Қазақ гуманитарлық бағытта- 15 оқушы
Орыс математикалық бағытта-19 оқушы
Жыл басында ҰБТ-ға дайындық жоспары құрылып,бекітілді.Жоспарға сәйкес дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.Жекелеген пән мұғалімдерінің дайындық жоспарлары құрылып,бекітілді.
Қыркүйек айында ата-аналар,мектеп бітірушілер және мұғалімдерге жиналыс ұйымдастырылып,ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу ережесі,нормативтік құжаттармен таныстырылды.
ҰБТ нысанында емтихан тапсыруға оқушылардың дайын болуына :
Ақпараттық дайындық – емтиханда жүріп-тұру ережелері туралы, бланкілерді толтыру ережелері туралы бағытта дайындық
Пәндік дайындық – белгілі бір пәнге дайындалу, тест тапсырмаларын орындай алу т. б.
Психологиялық дайындық – белгілі бір жүріс-тұрысқа іштей дайын болу, мақсатты әрекеттерге бағдарлану, емтихан тапсыру барысында ойдағыдай әрекет ету үшін тұлға мүмкіндіктерін өзектендіру және ыңғайландыру бағытында дайындықтар жүргізілуде.
Сондай –ақ мектепте Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрышы жаңартылды.
Ай сайын ата-ана жиналысы ұйымдастырылып,оқушылардың көрсеткен көрсеткіштеріне талдаулар жасалып,жоғары нәтижеге қол жеткізу жолдарын ұсыныс ретінде ұсынылды.Әр ағымды тестілеуден соң сараптама жүргізіліп,мониторинг жасалып отырды.
Қазан айында мектеп психологтары тарапынан «Нені қалайсыз?» сауалнамасы алынып,оқушылардың таңдау пәндері анықталды.Сауалнама нәтижесі бойынша 20пайыз оқушылардың қалауы ата-ана қалауымен сәйкес келмейтіні анықталып,ата-аналармен түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ «Сенімділік тудыру» тренингі ұйымдастырылып,өзіне-өзі нақты сене білу жолдары талқыланды.
Қараша айында пән мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындық барысын анықтау мақсатында 11 сынып сабақтарына қатыстық.Әсіресе математика,тарих және таңдау пәндері назарда ұсталды. Оқушылардың күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы тапсырмалармен жұмыс жасай алу мақышы текерілді. Тесеріс барысында оқушылардың басым көпшілігі дайындыққа нақты көңіл бөлмей,салғырт қарап жүргендері анықталды.Әлі де болса, оқушылардың күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау деңгейі жоғары дайындықты қажетсінетіндігі анықталды.
Мектеп психологы Опан Арай мен Шопанова Жадыра «Тығырықтан шығу жолдары» тақырыбында мектеп бітірушілермен дөңгелек үстел ұйымдастырды.Дөңгелек үстел барысында мектеп бітірушілер өздерін мазалап жүрген сұрақтармен бөлісіп,ой қортындыласты.
Сол сияқты ЖОО-мен байланыс та назардан тыс қалмады.Мектеп бітірушілерге мамандық және ЖОО таңдауға бағдар беру мақсатында Жетісу мемлекеттік Университеті және Алматы Мемелекеттік Университеті мамандарымен тағылымы мол түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды.
Желтоқсан айында мектеп бітірушілердің ҰБТ-ны жоғары деңгейде тапсыруға жағдай жасау мақсатында 39,40 кабинеттері компютерлік сынып ретінде толықтай жабдықталып,оқушылардың онлайн тест тапсыруларына толықтай жағдай жасалды.
Ата-ана жиналысы ұйымдастырылды.Жиналыста пән мұғалімдері әр оқушыға қысқаша мінездеме бере отырып,қай бағытты көбірек дайындық керектігіне басты назар аудартты.Тест нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар BilimLand сайытына мектеп бітірушілер толықтай тіркеліп,Itest бойынша жұмыстар ұйымдастырылу үстінде.Жекелеген пәндер бойынша жекелеген тақырыптардағы «әлсіз буындарды» анықтау мақсатында сынамалы тестілеу нәтижелерін талдау; жекелей апта сайынғы жұмыс: жекелеген тақырыптар бойынша тестілеу; сұхбаттасу; бақылау срездері жүргізілуде. Мұғалімдер оқушылардың сұраныстарын ескере отырып түзету жұмыстарын жүзеге асыруда.

Ағымды тестілеу қорытындысы:

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында мектеп бітірушілермен жүргізілген жұмыстар туралы



Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары : Б.Темирбаева

Похожие публикации:

12 декабрь 2017 Мектеп ұжымы
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
17 май 2017 8 ә сынып
06 май 2017 6-7 сынып
22 апрель 2017 Сабақ кестесі
22 апрель 2017 Мектеп директоры
22 апрель 2017 Мектеп тарихы
19 апрель 2017 №1 орта мектебі
19 апрель 2017 №1 орта мектебі