2023 жылдың мамыр айының 12-сі күні мектеп ұстаздары мен кіші
2023 жылдың мамыр айының 12-сі күні мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлеріне мектеп есепшісі жалақы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ іс-сапарға барған, өз білімін жетілдіру мақсатындағы курстарға, сауықтыру ақысы және т.б сұрақтарға түсіндірме жасалынды. Кездесу барысында жалақының төлену мерзімі, алмастыру төлемдері уақытылы төленіп отырғаны айтылды. Барлығы 80 мұғалім мен 24 кіші қызметкер қатысты.