Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Сегодня в школе проводились соревнования веселые старты среди 4 классов

Автор: admin7 от 9-02-2018, 23:48, посмотрело: 277

7 Сегодня в школе проводились соревнования веселые старты среди 4 классов. 3 место занял 4а класс, 2 - место заняли две команды 4э,д класс, 1 место заняла команда 4б класса, победителями стали команда 4г класса они взяли гранпри. Организаторы Гульдана Адлетовна, Сергеенко А.Г.

Сегодня в школе проводились соревнования веселые старты среди 4 классов


Категория: Жаңалық, Мерекелік іс-шаралар, Мұғалімдер шығармашылығы

 

Семинардың өтілуі туралы мәлімет

Автор: admin7 от 26-01-2018, 15:07, посмотрело: 257

6

Семинардың өтілуі туралы мәлімет

26.01.2018ж. Үшарал №1 орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: қазақ тілі сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану негізінде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарын көрсету, іс-тәжірибе тарату. Семинарға ауданнан 35 мұғалім қатысты.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Калияева К.А аудандық семинарлардың өтілу маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тілей отырып семинарды ашып берді.

Үшарал қаласы № 1 орта мектебінің ұстаздары С.Зауренбекова келген қонақтармен танысу тренинг өткізсе, Саметова Н. Қ. «Мұхтар Әуезов «Көксерек»» 7- сынып, Еркебаева С. М. «Эссе жазуды үйретудің тиімді әдіс- тәсілдері» 11 – сынып, Шаймарданова Ж. С. «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» 5 – сынып, Нұрмұханбетова А. Н. «Фасфуд» 5 – сынып, Алипова Ж. А. 5 - сынып «Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» тақырыптарында сабақтар өткізді және Мыңбай ом ұстазы Бутинчинова М.Н. «Интербелсенді әдіс - тәсілдер негізінде оқушыларды шығармашылыққа баулу» коучинг ұйымдастырды, «Еңбекші ОМ мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ мұғалімі Тайкина Н.С. «Қолдана білсең ғаламтор-ғаламат» 7-сынып, «Ақтүбек ОМ мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ Демеубаева Е. 2-сынып оқушыларымен «Қыста қалай киінеміз» тақырыптарында сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Соңында Темирбаева Б.Н. SWOT- талдау жасату арқылы семинардың қорытындысын шығарды.

Қазіргі заман талабы –жаңартылған білім беру. 2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға баса назар аударған. Оқушының пәнді терең түсіну, қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету – функционалдық сауаттылықтың негізін семинар барысында ұстаздар БЛУМ таксономиясы деңгейлерін қолдана отырып өткізді. БЛУМ таксономиясының әрбір деңгейін орындай отырып іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздардың сабақтарына келген қонақтар SWOT – талдау жасап, бағалады.

Семинардың өтілуі туралы мәлімет

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар, Әдістемелік кеңес, Мұғалімдер шығармашылығы

 
 
 
 
 
 
 
 
Назад Вперед
 
Яндекс.Метрика