Мектеп тарихы » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2017

Мектеп тарихы

«Үшарал қаласы № 1 орта мектебі »

                                              КММ- нің тарихы
     1890 жылы ер балалар үшін, ал 1912 жылы қыз балалар үшін  екі кластық шіркеулік- келушілер  мектеп болып ашылды. 1917 жылы   шіркеулік  келушілер мектебінен 4 жылдық мектеп  болып    бөлініп  оқытылды.

   1928 жылдан мектеп 7 жылдық  білім ордасы болып ауыстырылды.  1936 жылдан жалпы білім беретін орта мектеп  , ал 1957 жылдан Ленин атындағы мектеп болып атанды.
 1967 жылы Ленин атындағы мектептің ғимараты қолданысқа берілді. Қуаттылығы 970 орынға арналған мектепте  1970 жылы оқушы саны -1025 ке жетсе, 2022 жылы 1500 ге жетті.
 

100 жылдық тарихы бар мектеп ұстаздары  мемлекеттік наградалар мен атақтарға ие болды:

 Т.В.Кудряшова - Ленин ордені, В.В.Шорцман - Еңбек Қызыл Ту Ордені, А.С.Беспалова - Еңбек Қызыл Ту Ордені, Н.А. Межинский –« КСР еңбек сіңірген мұғалімі, КСР халық ағарту министрінің грамотасы, « Құрмет» белгісі ордені , Чукреева В.И –Халықтар достығы ордені, Сорокина Д.С. «Еңбек Ардагері», Перетяткин В.И. – КСР халық ағарту ісінің үздігі,Мекбеков З-  КСР халық ағарту ісінің үздігі медалі, Герсименко Т.Г., Черноножкин М.А. ,Сергеенко Л.Ю.  "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі" төс белгісімен марапатталды.   Мектеп   аралас  тілді қазақша, орысша   күндізгі оқытумен  оқытады.Негізгі орта білім беру   бейіндік сыныптарының 10,11 сынып оқушылары гуманитарлық және математикалық бағытта білім алады. Мектептегі оқушы саны даярлық топтарда   90-100 оқушы  аралығында , 1-11 сынып аралығында 1400-   1500 сақталып отыр.  

Аудан бойынша ең ірі білім беру ошағынан жылда 70-90 түлек шығарылады. 2020-2021 оқу жылын 72 түлек аяқтады, оның 5 -уі Алтын белгі, 5 -уі Үздік аттестат иегерлері.

2021-2022 оқу жылын 97 түлек бітірсе, оның 6 -уы Алтын белгі, 9 түлек Үздік аттестатқа аяқтады. 2010 жылы мектеп Республика бойынша ен үздік жүз мектептер қатарына енді.

2010 жылдан бері аудан мектептері арасында шығарылатын рейтинг бойынша 12  жыл қатарынан  /2010-2022 жылға дейін/ жүлделі 1 орынға ие болды. Мектеп  директорлары :Игнаткович С.В.,Тарасов В., Щорцман В.В.,  Зорин В.В,Межинский Н.А.,Чукреева В.И.,Извеков Н.К., Федякина В.А., Штельтер В.Ф.Герасименко Т.Г., Даутпаева Н.С.,Мукашев М.М.,Бигазинова Б.Т.,Алтынбекова А. Д.,Төлеужанов М.Т,Кунанбаева С.К.


Похожие публикации:

12 декабрь 2017 Мектеп ұжымы
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
17 май 2017 8 ә сынып
06 май 2017 6-7 сынып
22 апрель 2017 Мектеп директоры
19 апрель 2017 №1 орта мектебі
19 апрель 2017 №1 орта мектебі