Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Нормативтік құжаттар

Автор: admin от 22-04-2017, 09:41, посмотрело: 18

0 Мектепішілік бірыңғай басқару жүйесі
Мектепішілік бірыңғай басқару жүйесі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Мектептің басқарылуы ҚР заңдарына сәйкес «Жалпы білім беру мектебі туралы» заң ережесі, Алакөл ауданы әкімдігінің 03.02.2009 жылғы № 2 -28 қаулысымен бекітілген «Үшарал қаласы № 1 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жарғысымен жүзеге асырылады. Мектеп директоры мемлекеттік мекеменің қызмет сұрақтарын өз құзырлығына сәйкес ҚР «Білім туралы» заңын және мектеп жарғысын басшылыққа алып, өзі шешеді.
Мектепішілік бірыңғай басқару жүйесі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
ақпараттық – талдау қызмет аясы;
жоспарлы болжамды;
мақсаты;
ұйымдастыру – орындаушылық;
бақылау, диагностикалық;
реттеушілік;
Бақылау жүйесіне белгілі ұйымдастыру құрылымдары кіреді.
құрылымдық бөлшектер;
педагогикалық кеңес;
әдістемелік кеңес;
ата – аналар комитеті;
пән әдістемелік бірлестіктер;
психологиялық қызмет;
медициналық қызмет;
директор жанындағы кеңес;
апталық қорытындылау және жоспарлау жиыны;
өзін – өзі басқару ұйымдары;
Даму үрдісінің басқару тиімділігін біз оқушылардың шығармашылық дамуынан, білім сапасының жыл сайын азда болса көтерілуінен көреміз.
Мектептің дамуының жаңаша ақпараттық деңгейі ол тиімді басқару көрсеткіші. Мектеп мұғалімдерінің деңгейі 20 пайызы жас мұғалімдерден тұрады. Оларға мектеп проблемасын түсіне білуге және себебін анықтай білуге үйрету бағытында жүргізіледі Нәтижелік қорытынды педагогикалық қызметтің сапалылығынан көрінеді.
Ақпарат келесі бөлімдерге бөлінеді:
білім сапасы;
оқытылу деңгейі
оқу – танымдық іс – әрекеттегі мотивацияның қалыптасуының деңгейі;
мұғалімдердің оқушыларды ынталандыру және қызығушылықты дамыту әдістерін қолдану;
мұғалімдерді мектептегі іс – әрекетіне ынталандыру.
Барлық ақпарат жинақталып, таблица, диаграмма, график, гистограмма арқылы рәсімделеді. Мектепшілік мониторинг жасалып, оның талдауы бойынша оқу- тәрбие үрдісінің нақты жайы және осы үрдіске әсер ететін жағымды және жағымсыз проблемалар анықталды: себептерді табу, проблемаларды көру, мақсатқа жету үшін басқару шешімдерін қабылдадық. Жаңа кезеңге басты мақсат пен міндеттер осылай талданып қабылданды. Жоспарлаудың басты қағидасы – мақсаты ұстаным мен жағдайдың бірлігін жүзеге асыру.
Жоспардың жүзеге асу, мектеп ұжымының негізгі жұмысы, функционалды міндеттердің бөлінуі, нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Мектеп ұжымының әрбір мүшесінің іс-әрекетінің жетістігіне және ынтымақтастығына бағытталған ұйымдастырушылық қарым – қатынасты жасауды қамтамасыз ету негізі нормативтік өкімдерге сүйенеді. Осындай ұйымдастырушылық қарым – қатынас жүйесі мұғалімдердің кәсіби өсуін, дамуын ынталандырады, мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ұжымның даму динамикасын, жетістікткрмен кемшіліктердің себептерін анықтау басқарудың бақылау- қадағалау функциясы . Бақылау мектептің соңғы нәтижесіне бағытталған. Педагогикалық үрдістің диагностикасы ғылыми негізделген параметрлермен , өлшем мен бағыттың айқындылығымен, ұжымның жұмысын бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады. Диагностика дұрыс және кері динамикасының себебін белгілеумен аяқталады. Мұғалімдердің атқарған жұмысының қорытындысын басшылыққа алып, мектепте басқару шешімін қабылдайды. Осы деректер пеагогикалық талдаудың негізі болып, сол арқылы үрдістің реттеу, түзету және осы жүйенің жоғары деңгейге көтерілу жолдары белгіленеді.

Категория: Нормативтік құжаттар

 
 
Яндекс.Метрика