Мектеп тарихы » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Алматы облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы
1917 жылға дейін Үшарал селосында (ескі атауы Степановка) 3 мектеп болды: 2 министрлік – 3 жылдық және 4 жылдық , 60 оқушы; 1 шіркеулік – 1 жылдық -45 оқушы; 3-і шіркеулік мектебі саяжайдағы кітапхана болды.
Алғашқы ұстаздар С.С.Деев, В.И.Сикорский, З.А.Зубарева.1917 жылы шіркеулік мектебі 4 жылдыққа ауысты. Меңгерушісі Д.В.Портных, мұғалімі Зубарева. Оқушылар саны- 90.
1928 жылдан мектеп 7 жылдық. 1936 жылдан орта мектеп атанды. Оқушы саны -300.
1940 жылдан мектеп директоры- Сергей Васильевич Игнаткович. Мұғалімдері: В.А.Пивоваров, Н.Н.Тощенко, В.Е.Тюхтин, З.Н. Бондарева, Е.Н. Андреев, В.В.Шорцман.
Алғашқы түлектер 1939-1940 оқу жылы 18 оқушы болды. 1957 жылы Совет өкіметінің 40 жылдығына байланысты мектепке В.И.Лениннің есімі берілді.
1967 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығына орай СМУ - 44 құрылысшылары 3 қабатты мектеп салды. Мектепке спорт залы, акт залы, химия, физика, биология лабораториялары, шеберханалар болды.Осы оқу жылынан бастап 1-4 сыныптар жаңа оқу бағдарламасына ауысты. 60 мұғалім еңбек етті. Бірнеше мұғалімдер өкімет наградаларымен Т.В.Кудряшова - Ленин оордені, В.В.Шорцман - Еңбек Қызыл Ту Ордені, А.С.Беспалова - Еңбек Қызыл Ту Ордені, Н.А. Межинский -”Құрмет” белгісімен марапатталды .
2009 жылы Үшарал № 1 орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Мектеп қазақша, орысша екі тілде аралас мектеп негізінде оқытылады.Негізгі орта білім беру негізінде бейін алды және бейіндік сыныптар 10,11 сынып оқушылары гуманитарлық және математикалық бағытта оқытылады. Оқушы саны даярлық топта-156, 1-4 сыныптарда-514, 5-9 сыныптарда-374, 10-11 сыныптарда- 66 оқушы. Барлығы 954 оқушы.
Оқыту үрдісінде 84 ұстаз қызмет атқарады. Мектепті 2014 жылы 33 түлек аяқтады. Оның 1-і "Алтын белгі”, 1-і "Үздік аттестат иегерлері” атанды.
2010 жылы мектеп Республика бойынша ен үздік жүз мектептер қатарына кірді.2010 жылдан бері аудан мектептері арасында рейтинг бойынша
алты жыл қатарынан 1 орында.

Похожие публикации:

12 декабрь 2017 Мектеп ұжымы
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
17 май 2017 8 ә сынып
06 май 2017 6-7 сынып
22 апрель 2017 Мектеп директоры
19 апрель 2017 №1 орта мектебі
19 апрель 2017 №1 орта мектебі