Жақсылық пен көмек айы саналатын Қасиетті Рамазан айының құрметіне мектебінің мектеп әкімшілігі, аз қамтылған отбасына, азық-түлікпен көмек көрсетті. » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72833) 2-16-67
Версия для
слабовидящих
» » Жақсылық пен көмек айы саналатын Қасиетті Рамазан айының құрметіне мектебінің мектеп әкімшілігі, аз қамтылған отбасына, азық-түлікпен көмек көрсетті.
11
май
2021

Жақсылық пен көмек айы саналатын Қасиетті Рамазан айының құрметіне мектебінің мектеп әкімшілігі, аз қамтылған отбасына, азық-түлікпен көмек көрсетті.

Мейірімділік таныту, қайырымдылық көрсету адамгершілік қасиеттің ізгі
бастауы екені даусыз. Демек, қайырымдылық – халқымыздың ең негізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж балалардың қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
«Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, ізгі іс етсең, текті тірлік сүргенің» деген аталы сөзді ұран еткен Мектеп президенті мен өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары «Көмек көрсет” атты акцияны ұйымдастыруда.
Акция мақсаты- өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту.
Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Жақсылық пен көмек айы саналатын Қасиетті Рамазан айының құрметіне Үшарал қаласы #1 орта мектебінің мектеп әкімшілігі, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасына, азық-түлікпенен көмек көрсетті. «Ізгі шараның мақсаты – жағдайы төмен жандарға қолдан келгенше аянбай көмек көрсету.Қайырымды іс әр адамның жасайтын азаматтық парызы. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды»

Похожие публикации:

13 декабрь 2017 Садық Құсайын
12 декабрь 2017 Мектеп ұжымы
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
22 апрель 2017 Мектеп директоры
22 апрель 2017 Мектеп тарихы