Жоспар бойынша Үшарал қаласы №1 орта мектебінде 1- маусым күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72833) 2-16-67
Версия для
слабовидящих
» » Жоспар бойынша Үшарал қаласы №1 орта мектебінде 1- маусым күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
02
июнь
2023

Жоспар бойынша Үшарал қаласы №1 орта мектебінде 1- маусым күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.






Жоспар бойынша Үшарал қаласы №1 орта мектебінде 1- маусым күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектерінің соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны аудан орталығында өткізілді, алаң шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ «Соңғы қоңырау» салтантты жиынын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылып, мереке осы сценарий арқылы өтті. Салтантты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
Салтанатты жиын жүргізушілердің әдемі өлеңдерімен басталды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры С.К.Кунанбаева, келесі құттықтау сөз салтанатты жиынның құрметті қонағы аудан әдіскері А.Мирасиловнаға берілді. Биылғы жылғы мектеп үздіктерін марапаттау, оқу жылының аяқталуына байланысты бұйрықты оқу рәсімі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Зауренбековаға берілді. Жүректері лүпілдеп, алып ұшып тұрған мектеп түлектерін сынып жетекшілері М.Тусипбекова мен С.Еркебаеваға сөз беріліп, жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды.
Мектеп түлектері өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-сіңілдеріне өсиеттерін оқып, білімнің аманатын тапсырды. Осыдан кейін, мектеп түлектері үшін асыға күткен соңғы қоңыраудың әсем сазы, жүректі дір еткізер үні естілді.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.

Похожие публикации:

30 август 2022 Хабарландыру!
31 август 2021 Жедел желі
22 апрель 2017 Мектеп тарихы