Мерекелік іс-шаралар, семинарлар және т.б.
Бұл әдістемелік көмекші құралында бастауыш білім беру үрдісінде тиімді қолданыс тапқан интербелсенді әдістер жинақталған.Бастауыш сынып мұғалімдері Төлегенова А., Абенова А. теориялық ізденістері мен практикалық жұмыстарын, іс-тәжірибелерін ұсынып отыр.
Бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.Бүгінгі мектеп – күрделі де жауапты жүйе. Мектеп қабырғасына жаңа заманның ұстаздары келіп жатыр.
Осыған орай мектепте жаңа бағыттағы білім мазмұныңың басқару негізгі қалыптасқан.
Мектептегі жаңа бағыттағы білім берудің басым бағыттарының бірі-тұлғаға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.
- Даралық, тұлғалық, белсенділік, өзін-өзі көрсету, мендік тұжырымдама, таңдау, педагогикалық қолдау ұғымдарын қамтитын тұлға
-
Білім беру құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы жағдайын қарастырады. Бұл принциптер бойынша белсенді тұлға, дарашылдық, субъектілік, таңдау, шығармашылық табыс қалыптасады
-
Технологиялық компонент. Осы бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттің негізін құрайды және бірқатар принциптерді (диалогтік; шығармашылық іс-әрекет; баланың жеке басының дамуын қолдауға бағыттау; оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауға, шығармашылыққа, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру) тірек етеді