Садық Құсайын » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Алматы облысы
Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2017

Садық Құсайын


Менің мектебімнің көшесі- Садық Құсайын
ол 15-қараша күні мектебіміздің көшесіне аты берілген Садық Құсайын атамызға үлкен мектепшілік іс-шара рухани жаңғыру аясында болып өтті.Бұл іс-шараның мақсаты: Садық Құсайын атамызды мектеп оқушыларына дәріптеу насихаттау болатын. Садық Құсайын атамыз тарихта қалған ұлы тұлға десек қателеспейміз.Атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері болған,55жыл депутат болған,14жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Мәдениет үйін басқарған.Ауданымыздағы мәдениет үйінің салынуына үлкен үлес қосқан.Садық Құсайын атамыз халқына жанашыр өте еңбекқор музыка саласына қызығушылығы көп болған,әсіресе скрипкада жақсы ойнаған.Сонымен қатар домбырада жақсы ән салған екен.Бұл іс-шараны өткізуге 3« Б» сынып оқушылары және тоғызыншы оныншы сынып оқушылары белсене қатысып жақсы өтуіне ат салысқан болатын.Іс-шара барысында концерттік бағдарлама болды,Садық Құсайын атамыздың жары 88жасқа келген Тұмар Күлдіқан апамызды шақырдық.Атамызға арнап мектеп оқушылары арнау,әртүрлі хаттар оқып,ән салды.Оныншы сынып оқушысы Нұғман Айдана Садық Құсайын атамыздың өмірінен сыр шертіп,өмірімен таныстырып,слайд қорғады. Тоғызыншы сынып оқушысы Қабдолдаева Аружан ел басының тапсырмасы үш тілділік негізінде атамызды ағылшын тілінде таныстырды.Арнайы түсірілген сауалнама,видеороликті тамашаладық.Сауалнама мектебіміздің көшесінен өткен адамдардан алу барысында Садық Құсайын атамызды бірі білсе енді бірі білмейтіндігі анықталған.Ел басымыздың Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру бағдарламасы оның ішіндеТуған жер бағдарламасы негізінде осы мектепшілік іс-шараны өткіздік. Және бұл іс-шара мектебіміздің оқушыларына пайдалы өнегелі ақпарат алуларына септігін тігізді деген ойдамын.Ең бастысы кешіміздің қадірлі қонағы Тұмар Күлдіқан апамыз риза болып,13жылдан бері Садық Құсайын атамыз қайтыс болған соң ешкім іздемегендігін айтып оқушылардын шынайы көнілімен өткізіп жатқан іс-шарамызға өз ризашылығын білдірді.Соңына қарай сөз кезегі мектебіміздің директоры Құнанбаева Салтанат Кәкімқызына берілді.Ол кісі өз ойын айтып алдағы уақытта мақала жазылатындығын,және жыл бойы Садық Құсайын атамыз туралы жұмыстардың үзілмей жүргізілетінін атап өтті.
Жоба жетекшісі: Қабдолдаева Ж.Б

Похожие публикации:

12 декабрь 2017 Мектеп ұжымы
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
17 май 2017 8 ә сынып
06 май 2017 6-7 сынып
22 апрель 2017 Сабақ кестесі
22 апрель 2017 Мектеп директоры
22 апрель 2017 Мектеп тарихы