07
сентябрь
2021
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі.
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі.
Сіздерді бүгінгі айтулы мереке 22 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде сөйлеу.