02
декабрь
2022
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау, әр пән бойынша үздік оқушыларды анықтап, олардың болашақта білімдерін жетілдіре түсуіне жағдай жасау мақсатында 30.11.2022ж. 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 188 оқушы қатысып, 145 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Ең үздік 36 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.