«Бәрі 100-ден» (все по 100) тәрбие жұмысы жобасы » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Бәрі 100-ден» (все по 100) тәрбие жұмысы жобасы
17
апрель
2022

«Бәрі 100-ден» (все по 100) тәрбие жұмысы жобасы

                
                                                       Түсінік хат
 Тиісті қолдау болмаса, кез келген баланың өзін және адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін бағдарлауы, айналасындағылар арасында өз орнын анықтайтын критерийлерді анықтауы қиын. Дұрыс емес бағдар тұлғаның деформациясына әкелуі мүмкін. Біз аталған жобаны, жеткіншектердің бойындағы «Меннің» жағымды бейнесін қалыптастыруға, өз мәселелерінің өз бетінше шешуге ынталандыруға, жасөспірімнің сенімін қалыптастыруға бағыттауды және дамытуды көздейміз.
 Кез келген қызметтің тиімділігінің негізгі көрсеткіші, өзіңіз білетіндей, оның нәтижесі. Тәрбиенің нәтижесі оқушының жеке басы екендігіне дауласатындар аз.
 Көптеген мұғалімдер «баланың жеке басын жан-жақты дамыту» деген терминді жиі қолданады. Бірақ өзімізге бірнеше қарапайым сұрақтар қойып көрейік. Тұлғаның жан-жақты дамуы ... Тұлғаның неше қыры бар? Бұл жақтары қандай? Сіз бұл нәтижеге қол жеткізгеніңізді қалай білесіз? Ал жалпы – білім берудің кең тәжірибесінде бұған қол жеткізуге бола ма? Осы жоба барысында біз аталған мақсаттарға қол жеткізуге тырысып көреміз.

 Мақсатқа жетуге әртүрлі жұмыс формалары бағытталатын болады:
«100 жақсы іс» (анаға жылы сөз, жануарларға көмек, отбасы мүшелері емес адамдарға көмек, )
«100 жақсы баға» ( барлық пәндерден)
«100 табиғатқа көмек» ( көгалдандыру, сыныпты , аулыны, тазалау, эко патруль т.б
«100 жетістік» ( спорт, пән олимпиадасы т.б)
«100 партиоттық іс-шара» ( Жас ұлан, туған жерге саяхат, мектепке көмек ( тазарту, безендіру, отбасына көмек, салт – дәстүрді сақтау)
« 100 кітап оқу»

 Менің ойымша, бала сәйкес болуы керек тәрбие стандартын анықтау мүмкін емес. Ал стандарттар анықталған жағдайда ол критерилерге баланың сай болмауы балаға байланысты болмауы да мүмкін. Кейбір балалар өздерінің кінәсінен емес, мысалы, қиын отбасылық жағдайларға байланысты бұл стандартқа жете алмайды. Осы тараптан оқушыларды бір-бірімен салыстыруға болмайды . Сіз баланы басқа баламен емес, тек өзімен салыстыра аласыз, сол арқылы белгілі бір уақыт аралығында оның бойында болған оң немесе теріс өзгерістерді атап көрсетуге болады. Баланың жеке басына тікелей баға беруге де жол берілмейді – «сен жамансың» немесе «сен жақсысың». Сіз әрекеттерді, көзқарастарды бағалай аласыз, бірақ балалардың өздерін емес.
 Осы тараптан, жоба барысында балалар жетістік журналдары беріліп, баланың жетістіктерге жету уақытына байланысты, өзін-өзімен салыстыру арқылы бағаланады.
Мысалы, мен « 100 жетістікті» 2 айда орындадым, ал екінші «100 жетістікке» 1,5 айда жеттім деген сияқты.
 Тәрбиеленуші аталған істеріне жеткілікті дәлелдік база жинауына болады, жұппен жұмыс жасауына болады, жетістік немесе басқа іс-шаралар, оған қатысушылардың барлығы үшін саналады.
 « Барлығы 100-ден» журналы толған соң мұғалімге өткізіледі. Мұғалім өз тарапынан, мадақтаудың әр түрлі формаларын қолдана алады.
 Меніңше, баланың тұлғалық өсуін гуманистік тәрбиенің нәтижесі деп қарасақ, жоғарыдағы шарттар орындалатын сияқты. Осы мақсатқа жету үшін біз осы жобаны қолданамыз.

Жобаның тәрбиелік мақсаты:

•Шығармашылық, дағдылары қалыптасқан, дамыған интеллект, трансформациялық белсенділікке ұмтылу;
•Адамгершілікке, толеранттылық пен тәрбиелілікке, мейірімділік, жанашырлық пен көмекке қабілетті;
•Практикалық, құзыреттілік, сауаттылық, тұрмыстық дағдыларды меңгеру, салт - дәстүрді білу және сақтау, салауатты өмір салтын ұстану;
•Еркін және өз жерін, Отанын сүйетін тұлға болып қалыптасу;
•Ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеу;


«Бәрі 100-ден» (все по 100) тәрбие жұмысы жобасы
 9- 11 сынып аралығында жүргізіледі.
 « Барлығы 100-ден» журналы
«100 жақсы іс» (анаға жылы сөз, ата-ананы қуанту, жануарларға көмек, отбасы мүшелері емес адамдарға көмек, )
Басталды: «_____» _________ Аяқталды: «_____» _________
                                                             
                                                                Ұзақтығы:


Жоба бойынша дәлелдер базасы. 













Похожие публикации:

23 февраль 2020 Алтын белгі
15 август 2018 Алтын Белгі
13 декабрь 2017 Садық Құсайын
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
22 апрель 2017 Мектеп тарихы