Екі тілді математика пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Екі тілді математика пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру
16
август
2023

Екі тілді математика пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру

Екі тілді математика пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурс Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Садық Құсайын №79 үй мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы өзгерістермен толықтырылған) бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Похожие публикации:

13 декабрь 2017 Садық Құсайын
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
22 апрель 2017 Мектеп тарихы