Ағылшын тілі пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру » "Үшарал қаласы №1 орта мектеп" КММ Средняя школа № 1 города Ушарал "
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үшарал қаласы №1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72833) 2-16-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру
01
август
2023

Ағылшын тілі пәні мұғаліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру


Конкурсты өткізу күні мен орны:

Конкурс Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Садық Құсайын №79 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы өзгерістермен толықтырылған) бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Похожие публикации:

30 август 2022 Хабарландыру!
13 декабрь 2017 Садық Құсайын
12 декабрь 2017 Қамқоршылық кеңес
10 декабрь 2017 Еңбек кодексі
10 декабрь 2017 Білім туралы заң
22 апрель 2017 Мектеп тарихы