05
сентябрь
2023
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ» ✅ 2023 жылдың 29 тамыз күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында сынып жетекшілер жиналысы ұйымдастырылды.
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ»
✅ 2023 жылдың 29 тамыз күні мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында сынып жетекшілер жиналысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
1. Тәрбие саласындағы өзгерістер: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы түсінік
Директордың ТІЖО Алиаскарова А.А.
2. Сынып жетешінің міндеттері мен мақсаттары,функциялары.
Директордың ТІЖО Куатова С.Р.
3. 2022-2023 оқу жылына сынып жетекшілер бірлестігі жетекшілерін сайлау.
Мектеп директоры Кунанбаева С.К.
4. «Мектепішілік есепке іріктеп алу өлшемдері».
Мектеп психологтары Толебаева Р.С., Шопанова Ж.А.
Жиналысқа мектеп директоры,ДТІЖ орынбасарлары,әлеуметтік педагог,мектеп психологтары мен 60 сынып жетекші қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері айтылып, бұл мақсатты іске асыру үшін "Ұлттық мүдде", "Ар -ұят" және "Талап" атты үш құндылық бойынша тәрбие жоспарын құрып жұмыстану қажет екендігі түсіндірілді.
Екінші мәселе бойынша сынып жетекшілердің міндеттері мен мақсаттары жайлы түсінік берілді.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры жаңа оқу жылына сынып жетекшілер бірлестігі жетекшілерін ұсынды.
1. Төртінші мәселе бойынша мектеп психологтары «Мектепішілік есепке іріктеп алу өлшемдері» жайлы слайд арқылы түсіндірді.