01
июнь
2022
Бүгін мектебімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы «Еркенұр» лагері ашылды. «Балалар игілігі үшін» тақырыбында салтанатты жиынның ашылуы өткізілді.
Бүгін мектебімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы «Еркенұр» лагері ашылды. «Балалар игілігі үшін» тақырыбында салтанатты жиынның ашылуы өткізілді. Жиынға барлық 1-4 сынып оқушылары, сынып жетекшілерімен қатысты. Мектебіміздің директоры С.К Кунанбаева бүлдіршіндерді 1- маусым балаларды қорғау күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Жиында балалар өлең, тақпақтар, әндер айтты.Жиын барысында балаларға сыйлықтар таратылды.